Уәкілетті органдар осы құқық бұзушылық іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатқаны да нақтыланды.
Шекарада 6 млн теңгенің тауарын заңсыз алып өту фактісінің жолы кесілді
2,821
оқылды
Аталған фактіні Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы "Қарасай батыр" шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері анықтады.
"2023 жылы 10 маусымда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай ауданындағы шекара басқармасы "Қарасай батыр" шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғызстан учаскесінде жалпы сомасы 6 млн теңгеден асып түсетін тауарларды заңсыз алып өту фактісінің жолын кесті (саны 19 қорап болатын темекі стиктері)", – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Уәкілетті органдар осы құқық бұзушылық іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатқаны да нақтыланды.