16 маусымда көлік салығын төлемегені үшін Қостанай қалалық соты борышкерді 2 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, – деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Көлік салығын төлемеген жүргізуші екі тәулікке қамалды
2,288
оқылды

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер департаментінің, жеке сот орындаушыларының, полиция және прокуратура қызметкерлерінің бірлескен жұмысы шеңберінде 15 маусымда 207 мың теңге сомасында салық төлемегені үшін «LAND CRUISER 200» автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Мемлекеттік кірістер департаменті көлік құралдары бойынша салық берешегін уақытылы өтемеген жағдайда сот орындаушыларымен жұмыс шеңберінде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың мынадай шаралары қолданылатынын ескертеді:

- уәкілетті органдарда тіркеу іс-әрекеттерін шектеу;

- борышкердің елден тыс жерлерге шығуына тыйым салу;

- борышкерді қамауға алу;

- жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру;

- банктік шоттар мен өзге де мүлікке тыйым салу.

Жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа, берешек сомасының 25%-ына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.