Кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізуде, – деп хабарлайды ІІМ.
Кәсіби мамандар Каspi bank-тегі басқыншымен келіссөздер жүргізуде
1,572
оқылды

"Болжам бойынша ол 7 адамды кепілде ұстап отыр. 

Оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ", – деп жазды ведомстводан.

Азаматтарды ресми көздерден алынған ақпаратқа сүйенуге, БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.

Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды және құзыретті органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрайды.