Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады.
Тоқаев Шығыс Қазақстанда үш ауданды қайта құру үшін әкімге тапсырма берді
2,300
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуді тапсырды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қатонқарағай, Марқакөл аудандарын қайта құру жөнінде шешім қабылдағанына тоқталып, шекаралас аумақтағы елді мекендерді жүйелі түрде дамыту қажет екенін айтты.

Президент облыс әкіміне коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, жылу электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде тапсырма берді.