Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері алдын ала болжам бойынша 50 гектар аумақта жанып жатқан құрғақ шөп өртін сөндіруді жалғастыруда.
"Астана маңындағы өрт 50 гектарға дейін ұлғайды": Әкім мен министр оқиға орнында жүр
892
оқылды

Елорда маңындағы өртті сөндіруге көршілес аймақтардан өрт сөндірушілер мен техника көмекке келе жатыр, – деп хабарлайды қалалық ТЖ департаменті.

«Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері алдын ала болжам бойынша 50 гектар аумақта құрғақ шөп өртін сөндіруді жалғастыруда. Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары 18 рет – 63 тоннадан астам су шашты. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өртті сөндіруді үйлестіру үшін сол жерде жүр», – деп жазылған ТЖД хабарламасында.

Сонымен бірге, елордалық өрт сөндірушілерге көмекке Ақмола облысының жеке құрамынан 18 адам, 5 техника және Қарағанды облысынан 5 техника мен 25 адам көмекке шықты.

Бұған дейін Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқанын хабарлаған едік.