Қос баласын сатып, нәпақа таппақшы болған 44 жастағы облыс тұрғыны екені нақтыланады.
Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады.
"ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.