Қазіргі уақытта оқиға орнында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің инспекторы жұмыс істейді.
Астанада желден құрылыс краны құлады
1,695
оқылды

Астанада қатты желден құрылыс алаңында жұмыс істемей тұрған кран құлады, – деп хабарлайды ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

«2023 жылғы 18 маусымда, шамамен сағат 19:50-де «GREENLINE. ASYL mura» тұрғын үй кешені құрылысы алаңында (мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Е10, Е51,Е305 (жобалық атаулары) Қ. Мұхамедханов көшесінің қиылысы) қолайсыз ауа райынан, атап айтқанда күшті желдің салдарынан жұмыс істемейтін КБ-401 краны қасында тұрған кранға құлады. Крандар INVEST City ЖШС-ға тиесілі», – делінген хабарламада.