Мамандар тазалық талаптарын сақтау керек екенін еске салды.
Құрбан айт қарсаңында санитарлық дәрігерлер ел тұрғындарына үндеу жасады
1,348
оқылды

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарға қасиетті Құрбан айт мейрамы қарсаңында тамақтан уланудың алдын алу бойынша талаптарды сақтау керек екенін ескертті.

«Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және мал сату, құрбандық шалу кезінде жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында мынадай талаптардың сақталуы туралы еске саламыз», – деп атап өтті мамандар.

Мал сату, сою бекеттерінде:

  • құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою арнайы орындарда, тиісті ветеринарлық құжаттармен (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) жүзеге асыру;
  • мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау (сумен жабдықтау, кәріз жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтарды уақтылы залалсыздандырып, шығару;
  • қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болуы, жеке бас гигиенасын қатаң сақтау қажет.

Үй жағдайында:

  • қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;
  • тамақтану бөлмелерін тұрақты желдету;
  • шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алу;
  • үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
  • ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану, сақтау талабы бұзылғанда, келесі күні пайдаланбау;
  • терінің іріңді аурулары, іріңді кесілген жарақаттар, күйіктер, жаралар, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау керек.

Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде:

  • суық, ыстық сумен жабдықтау, су тартумен қамтамасыз ету, келушілер мен персоналға арналған раковиналар, қол жуу, сүрту және (немесе) кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақтау;
  • желдету, ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;
  • тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ілеспе құжаттамасының болуы;
  • тамақтану объектісінің шаруашылық аймағында санитариялық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету;
  • персоналда арнайы киімнің, медициналық қарап-тексеруден, гигиеналық оқытудан өткен және жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшасының болуы;
  • күн сайын жұмыс ауысымы басталар алдында персоналды медициналық қарап-тексеру керек.

Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау халық арасында тамақтан улану және аса қауіпті, жіті ішек инфекциясы жағдайларының туындауына ықпал етуі мүмкін.

Фото: РИА Новости