Еліміздің экономикалық басым бағыттарының бірі – индустриялдық және кәсіпкерлік саласы болып саналады. Ішкі экономикалық өсімнің негізгі бағдарын айқындайтын аналитикалық орталықтың негізгі көрсеткіші бойынша елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлік нысандарының санында өсім байқалады. 2023 жылдың сәуір айындағы негізгі статистикалық жағдайы бойынша кәсіпкерлік нысандарының саны 1 млн 682,2 мыңға жетіп, былтырғы жылғы көрсеткішке қарағанда едәуір өскені байқалады.
Абсолютті көрсеткіштің еліміздегі жылдық өсімі төрт жылдың ішінде үлкен мәнге ие. Сонымен қатар, соңғы бір жылдың ішінде заңды тұлғалар көрсеткіші де 6 пайызға (30,1 мың бірлікке) көбейіп, жалпы саны 513,6 мыңға дейін жеткен. Әзірге өсімнің негізгі қозғаушы күші шағын бизнеске тиесілі болып тұр. Бұл тұрғыда заңды тұлғалардың 98 пайызға жуығы осы аспектіге тиесілі болып келеді.
Заңды тұлғалардың бір жылдық өсім көрсеткішінің 40 пайыздан астам бөлігі (12,4 мың бірлік) шетелдік нысандарға тиесілі. Шетелдік компаниялар мен кәсіпорындардың дәл осылай үлкен үдеріспен жүйеленуі соңғы бес жылдың ішінде алғаш рет тіркеліп отыр.
Осы мәселе бойынша негізгі мәліметтерді Бірінші несие бюросы береді. Аталмыш компанияның негізгі мәліметі бойынша: «Жалпы, бұл резидент еместердің қазақстандық юрисдикцияға қызығушылығы артқанын аңғартады. Әңгіме жалғыз өзі-ақ шетелдік кәсіпорындардың жылдық өсімінің 70 пайызын (8,7 мың бірлік) қамтамасыз еткен Ресей туралы болып отыр. 2023 жылдың бірінші тоқсанында өткен тоқсанмен салыстырғанда шетелдік кәсіпорындар өсімінің төмендеуі 40 пайызға жуық болыпты. Мұның алдында үш тоқсан қатарынан өсім байқалған. Демек шетелдік кәсіпорындар тарапынан Қазақстанда тіркелуге деген сұраныс азайып жатыр деген сөз» делінген.
Міне, жоғарыдағы сөзден еліміздегі бірқатар шетелдік компаниялардың негізгі саны азайғанын байқаймыз. Қазақ жеріндегі негізгі шетелдік компаниялардың басты бөлігінің азаюы отандық индустрия мен кәсіпкерлік саласының еліміздегі кеңінен қанат жаюын көздейді.
Бұл туралы аналитиктер: «Соңғы үш жылда тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санындағы операциялық компаниялардың үлесі 10,7 пайызға өсті. 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ол соңғы бес жылдағы максимумға – 80,6 пайызға жетті. Бір қызығы, Ресейдің резиденттері тіркеген 10 заңды тұлғаның тек біреуі ғана, Қытайдың төртеуі тарату үдерісінде» дейді.
Дастан Зере