Әнші бұл жаңалықты Instagram парақшасында бөлісті.
«Жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп етті»: Ерке Есмахан Raim-ды мақтады
Фото: instagram.com/erke_esmahan
14,288
оқылды

Ерке Есмахан күйеуі Райымбек Бақтыгереев үлкен ұлына көлік сыйлағанын айтты,  – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші бұл жаңалықты Instagram парақшасында бөлісті. Айтуынша, Raim ұлына нағыз әке бола білген. 

«Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті, мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады», - деп жазды Ерке Есмахан.

Ол күйеуі тұңғыш ұлына көлік сыйлағанын айтып, қуанышын жеткізді.

«Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген «әке махаббатын» сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, «папа, мама» деп толыққанды отбасында өсіп жатыр. Міне, бүгін әкесі Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол. Өзіме жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп еткеніне Аллаға әрқашан шүкіршілігімді аямай айтып отырамын», - дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.