Әлемге танылған екі миллиардер Илон Маск пен Марк Цукерберг бірін-бірі төбелесуге шақырды. Маск өзінің Twitter-дегі парақшасында Цукерберг мырзамен «октагонда төбелесуге дайын» екенін жазды.
Facebook басшысы Цукерберг «маған төбелесетін орынды жібер» деген жазумен шақыруды қабыл алды. Бүкіл әлем «не болады екен» деп күтіп отыр. BBC-дің осы сенсацияны жариялаған мақаласына сілтеме жасаған Aikyn.kz төбелес себептерін түсіндіреді.
Фото life.ru сайтынан алынды
Соңғы жылдары Илон Маск пен Марк Цукербергтің қарым-қатынасы қиындап кетті. Араларындағы келіспеушілікті ортағасырлық серілерге (рыцарь) ұқсап жұдырықпен шешпекші.
Жекпе-жек мамандары спорттық дайындығы жағынан 39 жастағы Цукерберг ұтымды көрінетінін айтады. Ол қарсыласынан 12 жас кіші әрі ол үнемі жаттығады, жекпе-жек өнерінде жетістіктері де бар. Бірақ бұл Маскті жеңуге жеткіліксіз болуы мүмкін. Илонның салмағы мен бойы үлкен. Маск өзінің қарсыласы Цукербергті жерге алып ұрып, бүкіл жекпе-жек бойы үстіне шығып отыратынын айтты.
Жақында 52-ге толатын Маск мырза Twitter-де: «Мен Морж деп аталатын керемет тәсілді қолданып, қарсыласымның жығып алып үстіне шығып, ештеңе істемей отырамын» деген жазба таратты.
Илон Маск те, Марк Цукерберг те шын төбелестің мына видеодағыдай болатын жақсы біледі:
Әзірше, екі миллиардер тек әлеуметтік желілерде сөз қағыстырғаны болмаса төбелес шартына қол қойған жоқ. Дегенмен, олардың арасындағы мүдделер қақтығысын ескере отырып, Маск пен Цукерберг октагонға шығуы әбден мүмкін.
Мұндай төбелес тек ММА жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырып қана қоймай, жұдырықтасуды ғасыр жекпе-жегіне айналдыратыны анық. Алайда, Маск пен Цукерберг торда кездессе, ақша табу үшін емес, өздерінің имидждерін күшейту үшін төбелеседі.
Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Jeff Bottari
Екі миллиардердің хабарламасы вирустық болып, екі күннен бері бүкіл әлеуметтік желілерде жекпе-жекте кім жеңетіні туралы дауласу басталды, түрлі мемдер мен мотивациялық плакаттар жарияланып жатыр.
Маск мырза Цукербергтің «қайда төбелесеміз?» деген сұрағына: «Вегастағы октагон» деп жауап берді. Октагон – Ultimate Fighting Championship (UFC) жекпе-жектеріне арналған тормен қоршалған сегізбұрышты алаң.
Өзінің спорттық әуестігі туралы Илон Маск: «Мен балаларымды аспанға лақтырып ойнағаннан басқа ешқандай жаттығу жасамаймын» деп түсінік берді. Ал, 39 жастағы Цукерберг аралас жекпе-жектен (ММА) жаттығып жүр және жақында джиу-джитсу турнирлерінде жеңіске жетті.
BBC қосымша мәліметтер алуға Twitter-мен байланысқанымен, әлеуметтік желіден ешбір мәлімдеме болмаған.
Фото championat.com сайтынан алынды
Спорт журналистері бұндай жекпе-жектің болу ықтималдығы жоғары дейді. Олардың айтуынша, «негізінен Илон Масктың жеке басының және тосын мінезді табиғатының арқасында» жақсы төбелес болады. Кім жеңеді деген сұраққа, мамандар былай жауап беруде: «Тек Цукерберг! Ол 12 жас кіші. Ол әлдеқайда кішкентай. Менің ойымша, оның бойы 170 см, Илон шамамен 182 см. Және Илонның салмағы үлкен».
«Бірақ, өкінішке орай, Маск мырзаның дайындығы жоқ. Цукерберг бразилиялық джиу-джитсумен небәрі 18 ай айналысса да, оны арқа жағына шығып, қолын мойынына орап, оны жақсылап құшақтап, тұншықтыру қиын емес!».
Фото championat.com сайтынан алынды
Мамандар Илон Масктің бұған дейін де бірнеше рет әпенді мәлімдемелер жасағанын ескертеді. Мысалы, сәуір айында ол BBC-ге өзінің итін Twitter-дің бас директоры етіп тағайындағанын жазса, 2017 жылы Нью-Йорк қаласын Вашингтонмен, Филадельфиямен және Балтимормен жалғайтын гипер цикл деп аталатын пойыз жүйесін жасау үшін «үкіметтің ауызша келісімін» алғанын мәлімдеген.
Қалай дегенмен, Маск мырза өзінің уәдесін орындайтын ашық бизнесмен, Twitter қолданушылары оның отставкаға кетуіне дауыс бергеннен кейін осы жылы Twitter-дің бас директоры қызметінен кетті. Енді жақын арада тарихта болмаған екі миллиардердің бір-бірін бет-аузын бұзғанының куәсі болатын шығармыз. Бұл да технологиялық дәуірдің жаңа келбеті!
Алайда, тарихта бұндай белгілі адамдардың төбелесі болған екен: