1 доллар 447,05 теңге болды.
Доллар бағамы 0,54 теңгеге төмендеді
1,241
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,54 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447,05 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 447, 62 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 445,5 теңге, сатып алу – 448,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444,5 теңгеден болса, сатып алу – 448.

Алматыда Ресей рублі 5,21 – 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,25 – 5,35 теңгеден сатылуда.