Көкшетауда ер адам тоғыз қабатты үйден құлап мерт болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Суыт оқиға кеше болған. Қала тұрғынының көп қабатты үйден құлағаны жайлы полицияға 22 маусым күні хабарланыпты. Ол оқиға болған жерде тіл тартпастан көз жұмған.
- Ауыр дене жарақаттарын алған ер адам сол жерде бірден қаза болды. Полиция қызметкерлері ер адамның кім екенін анықтады. Ол 1984 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты, - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің маманы Әсем Әбдірахманова.
Қазіргі уақытта аталған факт Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-тармағы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.
Полиция тергеу шеңберінде аталған оқиға жөніндегі барлық жағдайларды анықтамақ.
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы