Қосшыда ер адам автобуста 15 жастағы қызға тиіскен.
Қосшыда егде жастағы ер адам автобус ішінде 15 жастағы қызға тиіскен
1,815
оқылды

Әлеуметтік желіде болжам бойынша Қосшы қаласында түсірілген бейнежазба пайда болды. Бейнежазба авторының айтуынша, ер адам 303-ші автобуста ұйықтап отырған 15 жасар қызға тиіскен.

"Қыз ер адамның өзіне тиіскенінен оянып кеткен, ер адам жасөспірімге қарап, өзін-өзі қанағаттандырумен айналысып жатты", – дейді бейнежазба авторы. 

Жәбірленуші полицияға арызданған.

"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында маршруттық автобус салонында өзін жөнсіз ұстаған белгісіз біреудің әрекеті туралы шағымданған жазба анықталды. Қазіргі уақытта полицейлер құқық бұзушыны анықтау шараларын жүргізіп жатыр, оның нәтижесі бойынша ер адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деді Астана қалалық ПД.