Германия жұмыс күші тапшылығы мәселесін шешу үшін білікті мамандарды тартады. Заң үміткердің кәсіби тәжірибесін және Канада сияқты елдерде қолданылып жүрген жүйелерге ұқсас басқа факторларды ескеретін «баллдық жүйені» қарастырады.
Түзетулердің біріне сәйкес, елге 2023 жылдың 29 наурызына дейін келген баспана іздеушілер және билік органдарынан жауап алмағандар өздерінің мәртебесін баспана іздеушіден жұмыс іздеп жүрген еңбек мигрантына өзгерте алады.
Жоғары білікті жұмысшыларға Германияға көбірек туыстарын әкелуге рұқсат етіледі.
Мамандардың айтуынша, елге жыл сайын 400 мыңға жуық білікті мигрант қажет. Ұлттық еңбек агенттігінің мәліметінше, өткен жылы 1200-ге жуық кәсіптің 200-де жұмыс күші тапшы болған.
Ведомствоның хабарлауынша, тізімге автобус жүргізушілері, фармацевтер, сәулетшілер, қызмет көрсету мен ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері кірген. Науқас пен бала күтіміне келгенде жұмыс қолы жетпейді.
Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фезер бұл заңды «ел болашағы үшін жасалған үлкен қадам» деп атап, білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі экономикалық өсудің баяулауының себептерінің бірі екеніне назар аударды.