Актриса Анар Батырхан тосын пікірін жеткізді. Ол БазарLike арнасына берген сұхбатында Болливудтың танымал жұлдызы Шакрух Ханға ессіз ғашық екенін айтты.
Мен тием! Жасына қарамаймын: Анар Батырхан Шакрух Ханға ессіз ғашық екенін айтты
4,859
оқылды

Үнді актерына деген көзсіз махаббат үнді музыкасына деген қызығушылықтан пайда болған көрінеді. 

"Шахрух Ханға ғашық боп қалдым. Фильмін көрдім. Басым кетті. Мәдениетіне, әндеріне қызыға бастадым. Киімдері, неше түрлі сырға-білезіктеріне қызықтырды. Бірақ қазір Шахрух Ханға деген махаббатымды кішкене бәсеңдеттім. Себебі маған тұрмысқа шығу керек. Кәдімгідей ессіз ғашық болдым", – деді ол.

Журналист "Сіз де танымал адамсыз ғой. Кім біледі сізге ұсыныс жасап жатса не істер едіңіз?" деген сауал тастады.

"Шахрух Хан ба? Әрине, мен тием! Оған, иә, ол қазір менің атаммен жасты, жасы үлкен. Бірақ Шакрухқа келгенде жасына да қарамаймын, ұлтына да қарамаймын", – деді Анар Батырхан.