Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қалыптасқан ахуалға байланысты отандастарымызды консулдық тіркеуге тұруға шақырды.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі отандастарымызды консулдық тіркеуге тұруға шақырды
1,138
оқылды

“Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз.

Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруыңыз міндетті түрде ұсынылады (консулдық есепке  сілтеме бойынша онлайн тұруға болады)”, – деп жазды Елшіліктен.

Ведомство төтенше жағдайлар туындай қалса, Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеген.  

ҚР РФ Елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14.