Парламент Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов YouTube-тағы Abay Live бағдарламасында мемлекеттік қызметтегі жалақысының тым аз екенін жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Ринат Зайытов:  800 мың теңге жалақым жетпейді
1,330
оқылды

“Беташарға шығатын шығармын. Себебі жасырмаймын алатын айлығым қолыма 800 мың теңге. Ол менің отбасымды асырауға жетпейді. Өйткені үлкен қызым қазір оқуға түсетін болса, тіпті жетпей қалады. Беташар ол бекітілген бір бизнес емес қой. Табаққа біреу мысалы 200 теңге, біреуі 500 теңге салуы мүмкін. Ол сенің алатын көрімдігің ғой. Атаңнан қалған ырымың. Материалдық тұрғыда көп көмегі тиеді. Мен оны шығармашылықпен айналысу деп қабылдаймын. Иә, барамын. Ол бет ашқаным үшін берілетін көрімдік, кейде бермей қалуы да мүмкін. 70 мың теңге, кейде 200 мың теңге болуы мүмкін. Ол да бұйыртқанына байланысты», – дейді Ринат Зайытов.

Ақын айтысқа шығудан да бас тартпайтынын жеткізді. Алайда мемлекеттік қызметтегі уақыттың тығыздығынан шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік болмай жатқан көрінеді.

“Айтысқа шығуға да болады. Бірақ дайындық мүлде жоқ. Таңнан кешке дейін Парламент регламенті дегенді жаттап, итім шығып жүр. Оның бәрін жатқа білмесең, тағы сені талап жейді. Мен өзім депутат болып айтысып көргім келеді. Өзімнің бұрын айтыстағы арманым еді. Билік өкіліне біреу бетіне сөйлесе сахнада деп. Ал менің қарсыласыма осындай мүмкіндік береді», – дейді депутат.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты мінберде отырып ұлттық аспапты ұшаққа кіргізбеуіне қатысты мәселені көтерді.