Қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәскеу және Уәлиханов көшелерінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 24-26 маусымы аралығында жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне байланысты Н.Тілендиев даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі учаскедегі Мәскеу көшесі бойынша көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Сондай-ақ 24-26 маусым аралығында Ш.Уәлиханов көшесінің А.Иманов көшесінен Кравцов көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс толығымен жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.