Атырауда жекеменшік балабақшада үш жасар қыздың саусағын жұлып кеткен, – деп жазады azh.kz сайты.
Сәбиді ауруханаға тәрбиешінің өзі алып барған. Ата-анасын медицина мекемесіне барған соң шақыртқан.
"Сол қолдың 4-саусағының дистальды бунағының травматикалық жұлынуы. Ортопед-травматологтың консультациясы, саусақ/табан рентгенографиясы, жараны хирургиялық өңдеу, таңу, инфильтративті анестезия", – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қыздың ата-анасы полицияға арыз жазған.
ҚР Қылмыстық кодексінің "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" (141-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот сараптамасы тағайындалды.