Ақмола облысының полицейлері Бестөбе кентінің аумағында жасырын жолды анықтады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өңірдің полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жергілікті тұрғындардың бірінің ауласында шахтаға кіру үшін жасалған тесікті тапты, – деп хабарлады ҚР ІІМ telegram каналы.
"Халық арасында "құбыр" деп аталатын құпия жерді ауыл тұрғыны бетон плитамен және қолда бар материалдармен жасырған", – делінген хабарламада.
Жасырын кен орны жабылды.
"Жер қойнауын өз бетінше пайдалану және құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру фактілерін болдырмау, сондай-ақ шахталардағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл жолды жою туралы шешім қабылданды", – дейді ведомство.