Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутер соқтығысып, 17 жастағы бозбала мерт болды.
28 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылының бойында Нұр-Ғасыр мешітіне қарама-қарсы Ваз 21103 автокөлігі мен кәмелетке толмаған бала тізгіндеген скутер соқтығысты.
Ауыр жарақат алған скутердің 17 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізілді.
Бірнеше сағаттан кейін алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Скутердің жолаушысы 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.