Осы жағдайға байланысты облыстық орталық "Иманғали" мешіті түсінік берді.
«Құрбан айт мейрамына орай орталық «Исатай-Махамбет» алаңында өткен мерекелік шараға 4000-нан астам адам жиналды. Мереке кезінде балаларға айттық сыйлықтар жеткілікті деңгейде таратылды. Облыс бойынша барлығы 10 мың балаға сыйлық үлестірілді. Әлеуметтік желілерде тараған видеода белгісіз әйел адам айғайлап жатқанын көруге болады. Мерекелік шарада балаларға сыйлықтардың жеткілікті деңгейде таратылғанын атап өткіміз келеді», – деп түсінік берді Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Атап өту керек, Атырау облысында биыл Құрбан айт алғаш рет ауқымды форматта атап өтілді. Атырау қаласындағы ең үлкен алаң – "Исатай-Махамбет" алаңында 13 киіз үй тігіліп, тұрғындар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Жалпы, Құрбан айтқа байланысты шаралар Атырау облысы мешіттері мен имамдарының, жамағат және жанашыр азаматтардың қолдауымен ұйымдастырылды.
Баян Жанұзақова