Оңтүстік Кореяға жұмыс бабымен барған Сәкен Суджин Лимен әуелі дос ретінде араласып жүреді. Достықтары махаббатқа ұласып, отбасын құруға бел буған екі жасқа ата-аналары мүлде қарсылық танытпапты.
"Көрдік, таныстық. Әке-шешесімен араластым. Рұқсатын беріп, алып келдім ғой", – дейді Сәкен.
Құрбан айттың алғашқы күндерінде Суджин Ли қонақтарды күтіп, келіндік міндетін атқарыпты.
""Шай ішіңіздер" деп шақырады. "Апа" деп құшағын жайып алдыңнан шыққанда еріп кетесің ғой. Лапшасын пісіріп "іш" деп қояды. Іше алмаймын ғой. Біздің тамақтарға да үйреніп келе жатыр. Сиыр сау деп айтқан жоқпын. Үш келінім бар. Сауылады ғой", – дейді Суджиннің енесі Нағима Мақұлбекова.
Көпшілік кореялық қыздың ізетіне тамсанса, бірі 26 жастағы Суджин Лидің жас қыздай болмысына қызығуда.
"Жас көрінеді", "Келбеті қазаққа ұқсайды", "Ізетті екен", "26-да болса да, аузынан анасының сүті кетпеген. Біздікілер бұл жаста қасқыр ғой" деген пікірлерін жазып жатыр.