Оқиға орнында Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінің мамандары жұмыс атқарды.
Сырдария өзеніне батып кеткен жігіттің денесі үш күннен кейін табылды
882
оқылды

Қызылорда облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі үш күннен кейін табылды.

Оқиға 29 маусым күні сағат 18:30 шамасында Қармақшы ауданының 102-ші разьезд тұсында болды. Төтенше жағдайлар қызметіне сол аумақтағы Сырдария өзеніне 20 жастағы жігіт суға батып кеткені жөнінде хабарлама түскен.

«Суға батқан адам 2003 жылы туған, Қармақшы ауданы Ақай ауылының тұрғыны. Облыс орталығындағы «Болашақ» университетінің 2-курс студенті екені анықталды», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінің мамандары жұмыс атқарды. Нәтижесінде марқұмның денесі үш күннен кейін табылды.