ҚР Ішкі істер министрлігі елдегі көші-қон заңнамасының сақталуын тексеріп, жедел-алдын алу шарасын өткізген.
Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген 11 африкалық азамат депортацияға жіберілді
1,741
оқылды

Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығаруға қатысты 476 сот шешімі шығарылды.

«Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы 476 сот шешімі шығарылды. Мәжбүрлі түрде 70 шетелдік еліне қайтарылды. Барлық шығарылған адамдарға 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынады», – деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингіде.

Алматы облысының полициясы Қонаев қаласында орта мектеп салу кезінде заңсыз еңбек еткен Африка елдерінің 11 азаматын анықтады. Елде болу мерзімдерін бұзған барлық шетелдік жауапкершілікке тартылды және оларды депортациялау бойынша шаралар қабылдануда.

ІІМ елімізде шетелдіктерді қабылдаушы тарапқа өздеріне келген шетелдік туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге тиіс екендігін тағы да ескертеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы механизм бұзылған жағдайда қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады. Онда жеке тұлғаларға ескерту жасалса, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 АЕК (1 АЕК - 3450 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады

«Осыған байланысты, көші-қон қызметі Қазақстанда шетелдіктерді қабылдайтын адамдарға өздерінде тұратын адамдар туралы полицияға хабарлау нормаларын бұзбауға шақырады», – деді Шұғыла Тұрлыбек.