Бас қалада Астананың 25 жылдығына орай форум өтіп жатыр.
Президент: 75 елдің компаниясы бизнес үшін Астана қаржы орталығын таңдады
1,071
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Астананың болашағы жарқын. Инвестиция тартуда шетелдік компаниялардың қызығушылығы жоғары.   

«Астана – болашағы зор қала. Осы орайда, біз «жасыл қала» идеясын жүзеге асыруға айрықша мән береміз. Елордамыз, ең алдымен, тұрғындарға ыңғайлы қала болуы керек. Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы.

Әлемнің 75 елінің 2 мыңнан аса компаниясы бизнес жүргізу үшін Астана халықаралық қаржы орталығын таңдады. Бүгінде Қаржы орталығы елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартты. Бұл – жақсы көрсеткіш.

Әлемдік саясатшылар Астананы бейбітшілік алаңы дейді. Ұстанымы бөлек, мүдделері кереғар елдер осында бітімге келді. Келешекте де Астана біздің геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек. Мен бұған кәміл сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.