6 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шараларды ұсынамыз.
Астана күні қандай мәдени іс-шаралар өтеді?
2,487
оқылды

10:00-де Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Бозоқ» археологиялық ескерткіші аумағында далалық семинар өткізеді.

10:00-де «Қазанат» ипподромында Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен бәйге түрлерінен республикалық турнир өтеді.

11:00-де Астана қаласындағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Астана-мәдениет керуені» әскери оркестрлердің І Халықаралық әскери-музыкалық фестивалі туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

11:00-де «Бейжің сарайы Soluxe Hotel Astana» қонақүйінде «Инсульт мектебі-2023» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

16:00-де Орталық саябақтың автотұрағында қалалық «Толағай» алыптар сайысы өтеді.

18:00-де ЭКСПО аумағында Астана қаласы әкімдігі және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Open Air» мерекелік концерті өтеді.

18.00-де «Астана опера» театрында Дж. Вердидің «Аида» операсы қойылады.

19.00-де «Номад сити холл» театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық драмасы сахналанады.