Екі науқастың да жай-күйі бірқалыпты.
Павлодарда опырылған шатырдың астында қалған адамдардың жағдайы белгілі болды
1,397
оқылды

Павлодарда «Артур» сауда үйінің шатыры опырылып, екі адам соның астында қалып қойған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар қалалық ауруханасының баспасөз қызметі оқиғадан зардап шеккендердің жағдайын айтып берді. Екі науқастың да жай-күйі бірқалыпты.

«1971 жылғы ер адам ашық бассүйек-ми жарақатын алған. Жағдайы тұрақты. 1975 жылы туған ер адамда политравма болды. Жағдайы тұрақты ауыр, оң аяғының сүйектері бірнеше жерінен сынған. Жансақтау бөлімінде жатыр», – деп хабарлады №1 Павлодар қалалық ауруханасы.

photo
Оқыс оқиға 7 шілде күні түсте болған. Сауда орталығы ғимаратының бүйір жабыны жазғы дәмхананың үстіне опырылып түскен.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жалпы құлаған аумақ – 300 шаршы метр.