Жартылай финал 7 және 9 мамырда, ал финал 11 мамырда Malmö Arena-да өтеді.
«Еуровидение-2024» ән байқауы қай  мемлекетте өтетіні белгілі болды
838
оқылды

«Еуровидения-2024» ән байқауы 2024 жылдың 7, 9 және 11 мамырында Швецияның оңтүстігіндегі Мальме қаласында өтеді, – деп хабарлады ТАСС агенттігі.

«Мальмеге қайта қош келдіңіздер! Мальмеде 2024 жылдың 7, 9 және 11 мамырында үшінші рет Eurovision өтеді», – делінген байқауды ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.

Байқау өткізуге Швецияның бірнеше қаласы қызығушылық танытты. Оның ішінде Стокгольм, Гётеборг және Эрншёльдсвик бар. «Еуровидения-2024» байқауының атқарушы продюсері Эбба Адилссонның айтуынша, 2013 жылғы жарыстан соң Мальмеде заманауи орындар пайда болған. Сондықтан қонақтар мен қала тұрғындарын мерекелік іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Еуровидение байқауы әнші Лориннің биылғы жеңісінен кейін Швецияда өтпек. Жартылай финал 7 және 9 мамырда, ал финал 11 мамырда Malmö Arena-да өтеді.

Корольдік осы уақытқа дейін халықаралық жарысты алты рет өткізген: үш рет Стокгольмде, екі рет Мальмеде және бір рет Гетеборгта.