Оқиға 7 шілде күні сағат 23.45-те болған.
Каспий теңізінде екі серфер құтқарылды
1,175
оқылды

Каспий теңізінің, нақтырақ айтқанда Форт-Шевченко қаласының аумағында Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі серферді құтқарды.

1992 және 1994 жылы туған азаматтар ашық теңізге серфинг тақтасымен шыққан. Алайда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты серферлер жағадан 800 метрден астам қашықтыққа ығып кеткен.

Сонымен қатар серферлерде құтқару кеудешелері болмаған.