Жамбыл облысында екі бала көз жұмды.
Жамбылда екі бала кәріз суына батып кетті
865
оқылды

Екеуі ата-анасының бақылауынсыз ойнап жүрген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Биыл 9 шілде сағат 18.00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шықты.

Қараусыз қалған балалар ойнап жүріп, суға батып кеткен.

Сот сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: yandex.kz