Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іссапармен Сауд Арабиясында жүр.
Тоқаев Жидда қаласына барды
853
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті.