«Қазгидромет» 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін нөсер жаңбыр жауады
3,765
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, күндіз Ақмола облысында  нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 

Тек қана батыс және оңтүстік-батыста антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Күндіз Атырау, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 35-38°С аптап ыстық күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы, Солтүстік Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі бар.