Орта салмақтағы 26 жастағы жауынгердің қарсыласы америкалық Брайан Топп (0-4) болды. Жекпе-жек басталған соң Эрнандес қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді.
Алайда көпшілік Луисті сынға алып, әрекетін жігіттің ісі емес деп бағалады. Видеода Эрнандес алдымен қол алысуға ишарат білдіріп, сосын шалт қимылмен бір тепкені көрініп тұр. Қарсыласы оған дайын болмай қалды.
Айта кетейік, Эрнандес кәсіпқой UFC-де 5 секунд ішінде жеңіске жеткен Хорхе Масвидальді жеңген болатын.