«Қазгидромет» 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін бірнеше өңірде 43 градус ыстық болады
1,256
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Найзағай жарқылдап, нөсер жаңбыр жауады. Тек қана оңтүстік, шығыс пен орталықта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С аптап ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және орталығында 42°С аптап ыстық күтіледі.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Атырау облысының батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. 

Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары. Мамандар аптап ыстықта алыс сапарға шыққанда сақ болуды ескертеді.