Қазақстан Ұлттық банкі жаңа монетаны айналымға шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Темірбек Жүргеновке арналған монета айналымға шықты
2,020
оқылды

24 шілдеде «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шықты.

Монеталар 26 шілдеден бастап ҚҰБ-тың интернет дүкені арқылы сатылады.

 

Монета Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткері Темірбек Жүргеновтің 100 жылдығына орай шығарылды. Т. Жүргенов – Қазақстанның тұңғыш ағарту министрі. Оның атсалысуымен 1934 жылы Қазақстанда бүкіл Орталық Азия мен Қазақстанның алты ірі жоғары оқу орнының құрылысы бір мезетте басталды.

 

Монета МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы – 10 000 дана.

Коллекциялық монеталарды аудару, ұсақтау және айырбастауға болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.