Алманы ең көп жейтін мемлекеттер рейтингінде Қазақстан ТОП-15 елдің қатарында.
Қазақстан алма жеуден әлемде 14-орында
992
оқылды

Food and Agriculture Organization-ның дерегінше алманы тұтынудан әлем елдері рейтингінде Қазақстан 14-орында. Бұл туралы жиһанкез-блогер Руслан Меделбек өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Видеодағы дерекке сүйенсек, алма жеуден әлемдік рейтингте Түркия көш бастап тұр. Екінші орында Албания мемлекеті болса, үшінші орында – Венгрия

Алмасоғар елдердің алғашқы ондығын мына мемлекеттер жалғастырды:

4. Румыния

5. Оңтүстік Корея

6. Словения

7. Өзбекстан

8. Нидерланд

9. Австрия

10. Португалия

Сондай-ақ бізге шекаралас мемлекеттер саналатын Қытай 13-орында, ал Қырғызстан 37-орында.