«Қазгидромет» синоптиктері 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Бүгін ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі
5,225
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, дауыл соғады.

Тек оңтүстікте және батыста күн ашық.

Республика бойынша жел күшейеді. Түнде солтүстікте, солтүстік-батыста тұман түседі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында 42-43°С өте қатты ыстық бар.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.