Еліміздің басым бөлігінде жел соғады.
Аптап ыстық, жаңбыр, жел: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы
905
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 1 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде ауа райының құбылмалылығы сақталып, найзағай мен жаңбыр жаууы ықтимал. Тек батыста, оңтүстік пен солтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Барлық өңірде жел тұрады. Солтүстікте түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Атырау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде 35-40°с қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысы мен орталығында өрт тұтанудың жоғары қаупі күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында өрт тұтану қаупі аса жоғары болады.