Stability AI әртүрлі бағдарламалау тілдерінде код жазатын StableCode деп аталатын жаңа нейрондық желінің іске қосылғаны туралы хабарлады. Бұл туралы компанияның Stability.ai сайтында жарияланған блогқа сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
Фото dossierlabs.com сайтынан алынды
StableCode бағдарламашыларға көмектесетін құрал ғана емес, сонымен қатар оларға жаңа дағдылар үйретіп, білімдерін жетілдіруге көмектеседі.
Нейрондық желі әртүрлі тілдердегі бастапқы ашық кодты қамтитын BigCode жобасының деректері бойынша оқытылды.
Фото dossierlabs.com сайтынан алынды
Желі Python, Java, JavaScript, Go, C, C++ және markdown бағдарламалау тілдерінде қызмет етеді. Сонымен қатар, модель бірнеше файлдардан тұратын үлкен жобалармен де жұмыс істей алады.
StableCode қазір Hugging Face платформасында қолжетімді. StableCode әзірлеушілері 2022 жылы шыққан Stable Diffusion деп аталатын мәтіндік сипаттама арқылы кескіндер жасауға арналған нейрондық желімен танымал.