Ротация аясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамынан Э.Әзімова, А.Саин, Б.Палымбетов, А.Шораев, Б.Бұқарбай, А.Әміртаев шығарылды. Ал ҰҚСК жаңа мүшелері: Бақытбек Смағұл, Марат Башимов, Шыңғыс Мұқан, Арман Қашқынбеков, Ләззат Қожахметова, Айнұр Сәбитова.
Айта кетейік, аталған кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен құрылған болатын. Бұл құжат аясында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілді.