Президент Во Ван Тхыонг Президент сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Во Ван Тхыонг Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды
764
оқылды

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.

 

Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

 

Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті.

 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хо Ши Мин мавзолейіне гүл шоғын қойды. Президент осы елдің ұлттық көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым еткенін хабарлаған болатынбыз.