Алматыда жолақы қымбаттады.
Бүгіннен бастап Алматыда жолақы қымбаттады
2,504
оқылды

Қала әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы «Жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысы күшіне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгіннен бастап Алматыда жолақысы мына мөлшерде белгіленді:

  • ұялы байланыс операторының қызметтері немесе көлік картасы немесе жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін – 100 теңге;
  • жол жүру ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.

Әкімдік жолақының қымбаттауына жолаушылар тасымалының шығыны көбейгені, жанар-жағармай құнының өскені түрткі болғанын айтты.