Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ТМД елдеріндегі Kia ко­рпора­циясының президенті Санг Гвон Джонгпен Қазақстан-Корея өнеркәсіптік ынтымақтастығын нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Елімізде Kıa зауыты салынады
1,074
оқылды

Кездесу барысында елімізде Kia Qazaqstan бірлескен кәсіпорнын құру бойынша құрылтай құжаттарына қол қойылды, ол Қостанай қаласында брендтің жаңа зауытының құрылысына, еліміздегі автоөнеркәсіптің жергілікті орталығының пайда болуына және жаңа форматтағы техникалық мамандарды даярлауға жетекшілік ететін болады. Инвесторлар жобаға 90 млрд теңге салады.

«Қазақстанда Kia зауытын құру туралы шешім Республика Президенті мен Үкіметінің жоғары деңгейде назар аударуының арқасында қабылданды. Біз өз тарапымыздан барынша күш-жігерімізді саламыз және алғашқы қадам ретінде құрылысты осы жылдың қазан айында бастаймыз», – деді Санг Гвон Джонг.

Жаңа Kia зауытында өндірістің толық кезеңі 2025 жылы ашылады деп хабарланды. Оның өндірістік алаңы 85 мың шаршы метрден асады, 1 500-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда.