Биыл Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорда қаласында көп игі бастама қолға алынып, тың жобалар сәтті жүзеге асы­­­рылуда. Қала көркі айшықталып, әлеуметтік салада сер­­піліс байқалады. Экономикалық бағытта да өсім бар.
Сыр елінде соны серпіліс
1,848
оқылды

Жалпы, жыл сайын облыс орталығында көп­қа­бат­ты тұрғын үйлерді абаттандыру, қас­беттеріне күрделі жөндеу жүр­гі­зу, инженерлік ком­му­ни­ка­ция­лық инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар ұшан-теңіз. Соның ішінде мау­сым айынан бастап демеу­ші­лер­дің қолдауымен облыс орта­лы­ғын­дағы 28 үйдің қасбеті зама­науи панелдермен қапталуда. Соң­ғы үлгіде жаңарып, сапалы ма­териалдармен қапталған тұр­ғын үйлердің қасбеттері қаланың сәу­леттік келбетін айшықтай түс­ті. Аталған жұмыстар жер­гі­лік­­ті демеушілердің ықпалымен жүр­гізілді. Нақты айтқанда, бұл қала құрылысшылары мен кә­сіп­керлердің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Сонымен қатар осы жылы облыс орталығының тұр­ғын үй құрылысын дамытуға, ин­­­­­женерлік және инфра­құ­ры­лым­ды жақсартуға бюджеттің бар­лық көзінен 121,2 млрд теңге бө­лінген. Ауқымды жобалар са­па­лы жүргізіліп, ел игілігіне бе­ріл­­мек. 

Бұған қоса, қалада құны 1,6 млрд теңгені құрайтын неке са­райының іргесі қаланды. Сон­дай-ақ 3,7 млрд теңгеге 1000 орын­дық «Өнер орталығы», 2,8 млрд тең­гені құрайтын «Облыс­тық қан ор­талығы» мен Сырдария өзені­нің сол жағалауынан жалпы құны 1 млрд теңге болатын автобекет құрылысы жүргізіліп жатыр. Сол сияқ­ты өңірдің инфра­құры­лым­дық әлеуетін арттыруда «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терми­на­лы үлкен маңызға ие. Бұл нысан Бо­лат Өтемұратов қорының қол­дауы­мен 25 млн АҚШ долларына салынуда. 

Облыс орталығында жүзеге асы­рылып жатқан өміршең жо­ба­лар мұнымен шектелмейді. Бел­гілі кәсіпкер Марат Дүйсен­баев­тың демеушілігімен құны 1,5 млрд теңгені құрайтын «Анаға тағ­зым» орталығының құрылысы сәт­ті аяқталуға жақын. Көп ұза­май осы орталық пен «Неке са­райы» ел игілігіне пайдалануға бе­ріледі деп күтілуде. 

Биыл Қызылорла облысы­ның 85 жылдық және қ­а­ланың 205 жылдық торқалы тойын кең көлемде атап өту жос­пар­ланып отыр. Қос мерекенің ар­найы жоспары бекітіліп, түрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік ша­ралар өткізу көзделуде. 

«Сыр өңірінің 85 жылдық ме­рейтойын жоғары деңгейде атап өту мақсатында облыс аумағында көп шара ұйымдастырылатын бо­лады. Соның ішінде кітап көр­ме­лері, жыр кештері, Қызылорда ту­ралы ретро-концерт, халы­қ­ара­лық фольклорлық музыкалық өнер фестивалі, республикалық ақын­дар айтысы, бірқатар мем­ле­кет және қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметіне арналған та­нымдық конференциялар өте­ді. Сондай-ақ аймақтың қо­ғам­дық-саяси дамуы мен тарихи оқи­ғалардан сыр шертетін рес­пуб­ликалық ғылыми-прак­ти­ка­лық конференция өткізу жос­пар­лануда. Қазір облыстың тарихын кеңін­ен баяндайтын «Қызылорда об­лысы: тарих, бүгін, болашақ» та­қырыбында арнайы деректі фи­льм түсіру қолға алынды. Жал­пы, мереке қарсаңында атқа­ры­латын жұмыстар мен өткі­зі­ле­тін шаралардың ауқымы кең», – деп түсіндірді бұл жайында арнайы өт­кізілген брифингте Қызылорда об­лысы әкімі аппаратының бас­шысы Шахмардан Байманов.

Мерейлі күнді қала аумағында да кең көлемді атап өту қазірден бас­тап жоспарланған. Бұл жайын­да Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов былайша тү­сіндірді. 

«Қала күні барша қызылор­да­лық асыға күтетін мерекеге ай­нал­ды. Биыл мерейлі күн ая­сын­да 20 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жос­парға сәйкес, қыркүйек айы­нан бастап қазан айының екінші онкүндігіне дейін қала тұрғын­дары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлайтын түрлі іс-шара ұйымдастырылады. Соның ішінде Жастар ресурстық ор­та­лығының ұйымдастыруымен ау­­қымды шаралар, жастардың кар­­навал шеруі мен респуб­ли­ка­лық жайдарманшылардың фес­тивалі өткізіледі. Сонымен қатар облысқа қарасты 7 аудан ауыл шар­уашылығы жәрмеңкесін ұйым­дастырып, соңы мерекелік кон­церттік бағдарламаға ұласа­ды», – деп атап өтті брифингте қа­ла әкімі.

Жалпы, осы күні тәр­бие­лік-танымдық бағытта­ғы түрлі жиын мен көңілді кеш көп­шілік назарына ұсынылып, ме­рекені жоғары деңгейде атап өту көзделіп отыр. Соған орай құ­­­рылыс алаңына айналған Сыр елін­дегі әрбір серпінді іс қос ме­р­е­­кеге толағай тарту болары сөз­сіз.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы