Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, аталған қаржы балабақшаның қажеттіліктеріне қарастырылған. Алайда лауазымды тұлға жоспар құра отырып, ай сайын жалған жұмысшылардың банктік шоттарына ақшалай қаржы аударып отырған. Кейіннен банктік шоттардың иелері түскен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, меңгерушіге берген.
Келтірілген залалдың жалпы сомасы 3 млн теңгеден асты.
Анықталған бұзушылық бойынша прокуратура ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Аталған баптың санкциясына сәйкес, мүлікті тәркiлеу, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің 10-нан 20 есеге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылықты көздейді.