Бейнежазбадан Мемлекет басшысының кез келген дүниені ешқашан тегін алмайтынын айтқанын көруге болады. Ол әрдайым ақы төлейтінін жеткізеді.
Бұл видео желідегі әртүрлі парақшалар мен бұқаралық ақпарат құралдарында тез тарап, қызу талқылана бастады. Желі қолданушылары Президенттің бұл әрекетіне тәнті болғанын жазып жатыр.
"Президентіміз өте қарапайым, ақылды адам! Тіл-көзден сақтасын!", "Дұрыс, әр зат еңбекпен келеді", "Тегінге құмар адамдар ұнамайды. Әр заттың, әр еңбектің өз құны бар. Адам еңбегін бағалау керек", "Текті адам, абыройын сақтаған Президент, Таразға келгенде де сатып алған бәрін", "Тоқаев мырза бәрімізге үлгі болатын нәрсе көрсетті", - деп пікір білдірген көпшілік.