Атырауда жұмыс істемей, мектептен жалақы алып келгендердің жасырын іс-әрекеті әшкере болды.
Мектепте жұмыс істемейтін адамдар 90 миллион теңге жалақы алған
4,143
оқылды

12 мектептен жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылған. Бұл туралы Aikyn.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Агенттіктің Атырау облыстық департаменті Превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, білім саласында сыбайлас жемқорлық бар.

«Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа сыртқы талдау жүргізілді. Нәтижесінде, 10-ға жуық дерек анықталды. Осыған байланысты 26 ұсыным енгізілді. Атырау облысындағы 12 мектепте іс жүзінде жұмыс істемейтін 41 адамға жалақы аударылған. Шамамен 90 млн теңге шығын келген», – дейді Жәнібек Қаражанов.

Бұған дейін  Атырауда оқушылар хиджап киіп келетін «Ұлттық қыздар мектебі» жабылғаны туралы жазған болатынбыз. 

Фото: news.myseldon.com