Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.
Үкімет басшысы Конституция күнімен құттықтады
626
оқылды

Құрметті отандастар! 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Конституция – мемлекеттіліктің негізі және Отанымыздың Тәуелсіздігінің сенімді кепілі.

Қазақстан Конституцияның мызғымас нормаларына сүйене отырып, азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған қадамдарды жүйелі түрде жүзеге асырып, болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді.

Барша қазақстандықтарға амандық пен береке, еліміздің игілігі жолында жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін!